01.12.2025, 10:09
Жаңалықтар
Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды
Президенттің жарлығы жарияланды
Фото: facebook.com/Aida Balayeva
Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Ол 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
- 1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.
- 2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.
- 2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.
- 2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.
- 2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.
- 2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.
- 2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.
- 2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
- 2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
- 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
- 2020-2022 жылдары (қаңтар) – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
- 2022-2023 жылдары (қыркүйек) – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
- 2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
«Құрмет» орденімен (2010) марапатталған. Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.
Көп оқылған
31.05.2026, 06:23
Астанадағы LRT екі аптада 1 миллион жолаушы тасымалдады
31.05.2026, 10:40
Павлодарда жол апаты болып, 21 жастағы студент екі аяғынан айырылды
31.05.2026, 07:27
Қазақстанда 38 градусқа дейін аптап ыстық болады
31.05.2026, 09:03
Президент: Елдің болашағы – ынтымақ пен тұрақтылықта
31.05.2026, 18:12
Елімізде жаздың алғашқы күні ауа райы қандай болады
31.05.2026, 16:47
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады