$ 512.53  592.43  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Аналары «жүргіш» болған»: ерекше балалар жайлы айтқан блогердің басы дауға қалды

Оны қылмыстық жауапқа тартуға шақырып жатыр

«Аналары «жүргіш» болған»: ерекше балалар жайлы айтқан блогердің басы дауға қалды
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Гүлнәр Оразалина атты блогердің мәлімдемесі ерекше баласы бар аналардың шамына тиіп, олар ұжымдық арыз берген, деп жазады Azattyq Ryhy.

Ол ерекше балалардың өмірге келу себебі аналары жүргіш болғандықтан екенін айтқан.

«Жүргіштердің жазасын алатын кезі келді. Осыған дейін де олар жайлы деректерді естіген едім. Қазір ерекше балалар мен аутизм көбейіп кетті. Әлемде екінші бала ауру болып туады. Оның барлығы сол «жүргіштіктің» кесірінен», - дейді блогер.

Бұл мәлімдемеден кейін ерекше балалардың аналары өре түрегелді. Танымал әншілер де блогердің сөзін сынады. Ал блогер Перизат Көшкімбаева бірқатар анамен бірігіп, ұжымдық арыз жазатынын айтты.

«Біз ерекше аналардың атынан арыз үлгісін жасадық. Тағы бір заңгер ана бізге көмектесті. Қазақстан бойынша кез келген ана арыздана алады. Біз Гүлнәр деген блогерді жазаға тартуымыз керек. Себебі ерекше балаларды ешкім ренжітпеуі керек. Біз осы қадам арқылы болашақта біздің балаларымызды ешкім ренжіте алмайтын орта құрғымыз келеді», - дейді блогер.

Бұл мәселенің ушыққаны сонша Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да іске араласты.

«Маған ерекше қажетіліктері бар балаларға блогер тарапынан әлеуметтік желілерде айтылған қорлау фактісіне байланысты өтініштер түсіп жатыр. Дискриминацияға жол берілмейді. Қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұл мәселеге құқықтық баға беру және процессуалдық шешім қабылдау үшін ІІМ-ге жүгіндім», - деп жазды ол.

Ал блогердің өзі әлі де ешкімнен кешірім сұрамай, өзінің айтқан сөзін дәлелдеумен әлек.

Серіктес жаңалықтары