Шешім 2 шілдеде қабылданады
Елімізде эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі қайта енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-парақшасында жазды.
Президенттің айтуынша, Үкімет бүкіл ел аумағында 5 шілдеден бастап карантин енгізуді ұсынған.
«Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді», - деп жазды Мемлекет басшысы.
Еске салайық, апта басында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавируспен күресудің 3 түрлі сценариін көрсеткен болатын. Ол елімізде 2 апталық немесе 4 апталық локдаун енгізуді ұсынған еді.