Өскеменде балалар жолда қауіпті ойын ойнап жүр

Автор: Алмас Ерсін

Мектеп оқушылары көліктің алдынан жолды кесіп өтетін болған

Фото: istockphoto.com

Өскеменде ата-аналар мен жүргізушілер жергілікті балалар ойнап жүрген жаңа қауіпті «ойынға» алаңдаушылық білдірді. Куәгерлердің айтуынша, мектеп оқушылары қаншалықты жылдам және батыл екенін көрсету үшін жолды кесіп, жүріп келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Yk.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүргізушілер жолға кенеттен жүгіріп шығу балаларға да, жол қозғалысына қатысушыларға да үлкен қауіп төндіретінін атап өтті. Кейбір көліктер баланы қағып кетпеу үшін күрт тежегішті басуға мәжбүр.

Мамандар мұндай ойындардың қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.