$ 512.53  592.43  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда көлемі 1,1 млрд долларға жетті

Швейцария Қазақстанның екіжақты сауда көлемі бойынша 15 жетекші елдің қатарына кіреді

Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда көлемі 1,1 млрд долларға жетті
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Швейцарияның вице-президенті Ги Пармелан сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселесін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Швейцария – Қазақстанның тұрақты экономикалық серіктесі және екіжақты сауда көлемі бойынша 15 жетекші елдің қатарына кіреді. Осы жылдың 9 айында бұл көрсеткіш шамамен 1,1 млрд долларға жетті. Былтыр өзара тауар айналымы 26,2%-ға ұлғайып, 1,7 млрд доллардан асқан болатын. Қазақстандық өнім экспорты 30,6%-ға өсті.

«Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған перспективті бағыттарға да тоқталды. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Швейцариядан Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі 34,2%-ға ұлғайып, 568 млн долларды құрады.

Көлік-логистика саласында халықаралық маршруттарды, теңіз порттарын, логистикалық орталықтарды және экспорттық-логистикалық өндірістерді дамыту бойынша ынтымақтастық әлеуеті талқыланды. Сәтті мысал ретінде Stadler Kazakhstan жолаушылар вагондарын шығару жобасы келтірілді. Қазақстанның авиахабтарды дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары шеңберінде авиация саласындағы перспективалар атап өтілді.

Негізгі бағыт болып өнеркәсіптік кооперация қала береді. Бірлескен жобалар пулы шамамен 3,3 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 1,6 млрд долларлық бірқатар ірі жобаны қамтиды. Өнеркәсіп саласындағы технологиялар трансфері айтарлықтай әлеуетке ие», – делінген Үкіметтің хабарламасында.

IT-технологиялар саласында Қазақстанның цифрлық күн тәртібімен сәйкес келетін ортақ мүдделер белгіленді. Ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары медицинаға, өнеркәсіпке, «ақылды» қалалардың цифрлық инфрақұрылымына және тағы да басқа салаларға ЖИ-шешімдерді енгізу мәселесін қамтиды.

Ауыл шаруашылығы саласында ірімшік пен басқа да премиум-класты сүт тағамдарын өндіру үшін сүт өнімдерін қайта өңдеу саласында швейцариялық озық технологияларды пайдалана отырып, бірлескен кәсіпорындар құру перспективалары атап өтілді.

Серіктес жаңалықтары