28.11.2025, 20:13
Жаңалықтар
Тоқаев Албания халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Албания президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент жеделхатында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал албан халқына құт-береке тіледі.
Көп оқылған
27.11.2026, 11:35
Бес баланың әкесі: «Атыраулық хакер» жігіт кім және ол не үшін жазаланды
27.11.2026, 09:51
«Атыраулық хакер» атанған жігітке сот үкімі шықты
27.11.2026, 13:54
Екі жасар баласына былапыт сөз айтқызып, видео түсірген ақтөбелік әйелдің үйіне полиция келді