28.11.2025, 16:50
Жаңалықтар
Астанада бірнеше қоғамдық көлік бағдары іске қосылады
Жаңа маршруттардың жүру жолы белгіленді
Фото: CTS
Астанада 29 қарашадан бастап қоғамдық көлік желісіне үш жаңа маршрут қосылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңадан ашылған бағдарлар:
- № 65 бағдар – Болашақ көшесі – «Отау» шағын ауданы;
- № 68 бағдар – «Газмашаппарат» АҚ – «Бағыстан» тұрғын үй кешені;
- № 78 бағдар – Ұлттық шұғыл медициналық үйлестіру орталығы – № 64 мектеп-лицейі қатынасымен жүреді.
«Жаңа бағдарлар елорданың бірқатар маңызды нысаны арқылы жүреді. Мысалы, №65 бағдар жаңадан ашылған С.Шаймерденов көшесімен қатынайды, №68 бағыты «Бағыстан»ТК қаланың оң жағалауымен байланыстырып, К.Әзірбаев және М.Жұмабаев көшелерін қоғамдық көлікпен қамтамасыз етеді.
Жаңа бағыттардың жұмысы жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға және қоғамдық көлікпен қамтуды жақсартуға бағытталған», – делінген хабарламада.
Қозғалыс сызбаларын Avtobys қосымшасынан көре аласыздар.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады