Қазақстанда доллардың құны 512 теңгеге дейін арзандады

Автор: Асыл Арман

Ұлттық банк белгілеген бағам жарияланды

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 512,53 теңге болып, 4,25 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкі ресми доллар бағамын 28 қарашаға 516,86 теңге деп белгіледі.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі таңда Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды орташа сатып алу бағамы – 511,49 теңге, сату бағамы – 514,42 теңге. Астанада долларды орташа 510,38 теңгеге сатып алады, 517,38 теңгеге сатады. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орташа 512,02 теңгеге сатып алады, 514,62 теңгеге сатады.