$ 516.86  598.68  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында елді алдап, 40 млн теңгесін қағып алған алаяқ сотталып тынды

Ол 14 адамды алдап кеткен

Жетісу облысында елді алдап, 40 млн теңгесін қағып алған алаяқ сотталып тынды
Фото: istockphoto.com

Жетісу облысында жұртты алдап, олардың атына 40 млн теңгеден астам несие рәсімдеген алаяқ ақыры сотталып тынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, өңірде азаматтардың сенімін теріс пайдалану арқылы олардың атына несиелер мен микронесиелер рәсімдеп, жеке пайдасына жаратқан ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы аяқталды.

«Сотталған адам жәбірленушілердің жеке деректеріне және электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізіп, оларды заңсыз несие рәсімдеуге және ақшалай қаражатын иемденуге пайдаланған.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 14 азамат зардап шегіп, келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 40 млн теңгеден асты», – делінген прокуратураның хабарламасында.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары