Семей әкімі Ермак Сәлімов коронавирус жұқтырып алды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жерлестерін қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

altaynews.kz

COVID-19 вирусын жұқтырған шенеуніктердің қатарын Семей әкімі Ермак Сәлімов толықтырды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазған.

«Құрметті жерлестер! Бүгін CОVID-19 вирусын анықтау мақсатында тапсырған тест оң нәтиже бергені белгілі болды. Шектеулерге қарамастан, көп адамдармен белсенді түрде тығыз байланыста жүргізілген жұмыстар өз әсерін көрсетті деуге болады. Бүгінгі күннен бастап қатаң оқшаулау режимінде боламын. Мүмкіндігінше онлайн жұмыс жүргізуге тырысамын», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ, ол семейліктерді карантин режимін сақтап, қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырды.