Қару-жарақтың заңсыз сақталғаны анықталды
Түркістан облысында заңсыз қару сақтаған күдікті қолға түсті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, Шымкент-Алматы тасжолында профилактикалық іс-шара кезінде Сайрам ауданының полицейлері BMW маркалы автокөлікті тоқтатқан.
Тексеру барысында екі тапанша, бір тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ оннан астам оқ-дәрі мен гильза табылып, тәркіленді.
Оқиға заңсыз қару сақтау және тасымалдау бабы бойынша тіркелді, сараптама тағайындалды.
Полицейлер болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.