«Бөксемнен ұрды»: Астанадағы фитнес-клубта жаттықтырушылар арасында шу шықты (ВИДЕО)
Жаттықтырушы харассмент туралы мәлімдеді
Астанадағы фитнес-залда жаттықтырушылардың бірі әріптесін штанганың белбеуімен бөксесінен клиенттердің көзінше ұрғанын айтып, шағымданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметке сүйенсек, соққының салдарынан әйел адамның денесінде көгерген із қалған. Ол оқиға туралы әлеуметтік желіде жариялағаннан кейін фитнес-клуб ер адамның жұмысынан босатылғанын хабарлаған.
Айтуынша, оқиғадан кейін әріптестері одан қашқақтап, «жағдайды тым ушықтырдың» деп айыптай бастаған. Жұмыс істеуі қиынға соғып, ол басқа филиалға ауыспақ болған. Алайда фитнес-клуб бұл ұсынысынан бас тартқан, себебі жұмысынан қуылды деген жаттықтырушының сол филиалда жұмыс істеп жүргенін анықталған.
Жәбір көрген жаттықтырушы клубтың жұрт алдында «қызметкерді жұмыстан шығардық» деп мәлімдеп, іс жүзінде оны басқа филиалға ауыстырғанына наразылық білдірді. Ал фитнес-клуб жәбір көрсеткен ер адамның жұмыс істемейтінін айтып ақталып отыр.