Ақмола облысында жасырын түрде алтын өндірілген

Автор: Мөлдір Қазыбай

Олардан құрамында 800 келіге жуық алтын бар материал тәркіленді

Фото: Ақмола облысы ПД

Ақмола облысының Степногорск қаласында алтын мен бағалы металдарды заңсыз өндірді деген күдікпен екі жасырын цех анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Ақмола полицейлері Степногорск қаласында бағалы металдардың заңсыз айналымы фактілерінің жолын кесті

Осы жылдың 26 қарашасында Степногорск қаласында полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының кешенін жүргізу нәтижесінде, құрамында алтын бар шикізатты заңсыз өңдеуді жүзеге асырған бір топ адам ұсталды.

«Заводской кентінің аумағында полицейлер екі жасырын цехты анықтап, жойды, онда ұстау кезінде заңсыз іздеушілердің екі бригадасы болды. Қатысушылардың құрамында алтыны бар материалдан арнайы жабдықты пайдалана отырып, алтын алу процесін ұйымдастырғаны анықталды. Оқиға орындарын тексеру және тінту іс-шараларын жүргізу барысында құрамында 800 келіге жуық алтын бар материал, екі қайта өңдеу кешені, сондай-ақ 30 грамм алтын тәркіленді», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Құқыққа қайшы қызметтің және өзге де қатысы бар адамдардың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған одан әрі тергеу әрекеттері жүргізіледі.