Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Автор: Асыл Арман

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы Бішкекте өтіп жатыр

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Саммитке Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон қатысты.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.