Алматы әуежайында шетел азаматы есірткімен ұсталып, 15 жылға сотталып кетті
Сот процесінде мемлекеттік айыптаушы толық дәлелдер жинағын ұсынды
Алматы халықаралық әуежайында ірі көлемде есірткі контрабандасының жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, әуежай арқылы шетелдік азамат ірі көлемде тыйым салынған заттарды жеке заттарының ішіне жасырып әкелуге әрекет жасаған, алайда кеден және құқық қорғау органдарының жедел іс-шараларының арқасында қылмыстық схема дер кезінде анықталды.
Сот процесінде мемлекеттік айыптаушы толық дәлелдер жинағын ұсынып, күдіктінің кінәсін толықтай дәлелдеді.
«Сот оны 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Көлік прокуратурасы атап өтеді: әуе өткізу пункттері арқылы есірткі әкелуге бағытталған әрекеттер қатаң түрде тоқтатылатын болады. Есірткі қылмысына қарсы күрес ерекше қадағалауда ұсталады», – делінген прокуратура хабарламасында.