Қазақстандықтар жыл басынан бері ақылы жолдармен жүру үшін 72 млрд теңге төлеген

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ақылы автомобиль жолдарының жұмысы мен күтімі туралы

Фото: «ҚазАвтоЖол»

2025 жылдың 10 айында ақылы жолдардан 72 млрд теңге түсті. «ҚазАвтоЖол» мәліметінше, қаражат жолдарды күтіп-ұстау, жаңа техника сатып алу және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақылы жолдар – өзін-өзі қамтамасыз ететін заманауи модель

Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңы мен Үкіметтің №744 қаулысына сәйкес, «ҚазАвтоЖол» ұлттық операторы республикалық және халықаралық маңыздағы ақылы жол учаскелерін күтіп-ұстауды және дамытуды жүзеге асырады.

Ақылы жолдардан жиналған барлық қаражат жеке есепшотқа түсіп, нақты бағыттар бойынша жұмсалады:

  • жолдарды күтіп-ұстау және жөндеу,
  • төлем алу жүйесін қамтамасыз ету,
  • жол-пайдалану техникасын жаңарту,
  • жол қауіпсіздігі мен пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасау.
  • Яғни жүргізуші төлеген әрбір теңге қайтадан сол жолға қызмет ретінде оралады.

2024 жылдың қорытындысы

2024 жылы ақылы автожолдардан түскен қаржы көлемі 53 млрд теңгені (ҚҚС-пен) құрады. Бұл қаражат жол инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді:

  • ақылы учаскелерді күтіп-ұстау мен төлем алу жүйесін жүргізуге,
  • 680 бірлік жол-пайдалану техникасын сатып алуды қоса алғанда, капиталдық шығыстарға,
  • өзге де міндетті шығындарға бағытталды.
  • Сонымен қатар 383 млн теңге республикалық бюджетке аударылды.

Жыл бойы ауқымды жұмыстар атқарылды:

  • 43 мың м2 астам ауданда ойықтар жөнделді,
  • 17,6 мың шақырымда жол таңбаларын жаңартылды,
  • 29 мыңға жуық сигналдық бағанша орнатылды,
  • заманауи ақпараттық және жарықтандырылған белгілерді жөнделді,
  • 2,3 млн текше метрден астам қар тазалау және басқа да жұмыстар жүргізілді.

2025 жылдың 10 айының нәтижесі: желіні кеңейту және қызмет сапасын арттыру

2025 жылдың қаңтар-қазан айларында 72 млрд теңге (ҚҚС-пен) түсті. Бұл көрсеткіш ақылы жолдар желісінің 4 883 шақырым болатын 26 учаскеге дейін кеңеюімен тығыз байланысты.

Қаражаттың негізгі бөлігі төмендегі бағыттарға жұмсалды:

  • жолдарды және инфрақұрылымды күтіп-ұстау,
  • капиталдық шығындар, соның ішінде 89 трактор сатып алу және тағы 504 техника бірлігін жеткізуге дайындық,
  • өзге де қажетті шығындар.

10 айда орындалған жұмыстардың көлемі де едәуір:

  • 61,4 мың м2 ауданда ойықтар жөнделді,
  • 19,6 мың шақырымда жол таңбасы салынды,
  • 4 363 жол белгісі орнатылды,
  • 31,6 мың бойлық метр қоршау жөнделді,
  • 417 мың шақырым жолды қардан тазартылды.