Бішкекте ҰҚШҰ елдерінің басшылары бейресми кездесу өткізді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Бішкекте ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді

Фото: Ақорда

Бішкектегі ҰҚШҰ саммиті қарсаңында мемлекеттер басшылары «Ала-Арча» резиденциясында бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Резиденциядағы «Кыргыз айылы» этнографиялық кешенінде мәртебелі меймандарға қырғыз халқының тұрмыс-салты мен мәдениеті таныстырылды.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды.