ТЖМ тікұшағы нәрестеге шұғыл медициналық тасымалдау жасады
Құлсары қаласында жағдайы ауыр нәрестені аман алып қалу үшін Атырау қаласына шұғыл түрде тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазавиақұтқару» әуе кемесі Құлсары қаласынан Атырау қаласына ауыр жағдайда жатқан нәрестені жедел түрде медициналық тасымалдауды жүзеге асырды.
«Балаға шұғыл жеткізу қажет болды. Экипаждың жедел әрекеттері мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтті.
Атырауға қонғаннан кейін кішкентай пациент бірден медицина қызметкерлеріне тапсырылып, одан әрі облыстық медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген хабарламада.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Қазавиақұтқару күрделі және шұғыл жағдайларда жедел көмек көрсетуді жалғастырып, азаматтардың өмірін сақтауға бағытталған маңызды миссиясын атқаруда.