Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннен де коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол өзінің қашықтан жұмыс істеп жатқанын айтты

Фото ашық дереккөзден

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырып алды, деп жазады Tengrinews.kz. Бұл туралы портал тілшісіне Бекшиннің өзі мәлімдеген.

«Мен вирус жұқтырып алдым, бірақ жағдайым тәуір, симптомы жоқ. Бұл – COVID-19. Қашықтан жұмыс істеп жатырмын, ауырып жатуға уақыт жоқ», - деді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырған шенділердің қатары артып келеді. Бұған дейін экс-министр Елжан Біртанов ауырып, ауруханадан бір-ақ шықса, артынша облыс және қала әкімдерінен, олардың орынбасарларынан коронавирус пен пневмония анықталып жатты.