Құтқарушылар жоғалған балықшыларды тапты
Жетісу облысында бірнеше күн бұрын балық аулауға кетіп, сол қалпы қайтып оралмаған балықшылар табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облысының Ақжар ауылынан 3 шақырым қашықтықта 1988 жылы туған ер адамды іздестіру жұмысы ұйымдастырылды. Нақтыланған мәліметтер бойынша, ол 22 қараша күні достарымен бірге Алматы қаласынан балық аулауға шығып, байланысқа шықпаған.
Құтқарушылар кең аумақты, оның ішінде жету қиын жерлерді тексерді.
«Іздестіру шаралары барысында ТЖМ күштері Ақжар ауылынан 150 шақырым жерде ер адамдарды тапты. Олардың автокөлігі құмға батып қалғаны және олар өздігінен шыға алмаған.
ТЖД қызметкерлері тұрып қалған көлікті жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп шығарды», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.