АҚШ валютасының бағамы жарияланды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде доллардың орташа өлшемді бағамы 518,4 теңгені құрады. Бұл кешегі көрсеткіштен 1,52 теңгеге төмен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 25 қарашаға арналған ресми доллар бағамы – 519,98 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы – орташа есеппен 518,7 теңге, сату – 520,49 теңге.
Астанадағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 517,46 теңгеден сатып алынып, 522,46 теңгеден сатылып жатыр.
Шымкентте долларды орта есеппен 518,31 теңгеден сатып алып, 520,35 теңгеден сатуда.