Қазақстанда доллар бағамы тағы да өсті

Автор: Асыл Арман

KASE-дегі орташа бағам белгілі болды

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшемді бағамы 512,66 теңгені құрады. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,52 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық банктің ресми бағамы

Қазақстан Ұлттық банкінің 2024 жылғы 28 мамырға арналған ресми бағамы – 512,16 теңге.

Айырбастау пунктеріндегі жағдай

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта:

Алматыда:

  • Сатып алу: 513,79 теңге;
  • Сату: 511,81 теңге.

Астанада:

  • Сатып алу: 516,63 теңге;
  • Сату: 510,63 теңге.