Сарапшының айтуынша, көрші елдегі АЭС құрылысы бізге үлкен тәжірибе бола алады
Самарқандта өткен «Ислам ытымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің тұрақты дамуында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану әлеуеті: халықаралық және ұлттық тәжірибе» конференциясы аясында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры, елімізге еңбек сіңірген энергетик Жақып Хайрушевтен Қазақстан мен Өзбекстанның атом энергетикасы саласындағы оң шешімдері мен бағытын салыстыра отыра бірқатар сұраққа жауап алдық, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
– Жақып Ғалиұлы, Өзбекстан екі шағын реакторлы атом электр станциясын салмақ. Бұл шешім судың тапшылығынан туды деп ойлайсыз ба? Өзбекстан неге жоғары қуатты атом станциясынан бас тартып отыр?
– Шын мәнінде, бүкіл әлем бойынша кейбір жергілікті жобалар үшін шағын модульдік станциялар немесе реакторлар орнатылып жатыр. Қазір олар айтарлықтай дамымаған, бірақ олар орнатылған жерде негізінен жергілікті жобаларға бағытталғанын көріп отырмыз. Мысалы, Ресей, оның ішінде Якутияда бұл алтын өндіруші кәсіпорындар үшін болса, кейбір жобаларда тау-кен істеріне бағытталып салынды. Өзбекстанда мұндай шешімді қабылдауға өзіндік себептері болуы мүмкін. Біз маман ретінде қуаты жоғары станцияға сұраныс болғанын айта аламыз. Дегенмен, біз әлі де зерттейміз, біз әлі де осындай іс-шараларға қатысамыз. Неге шағын реакторлы атом станциялары таңдалғанын бізге ешкім ашып айтпайтыны анық. Мүмкін, саясат араласқан шығар. Оның себебін ашық айту қиын. Бірақ Өзбекстанды энергиямен қамтамасыз ету үшін үлкен станция қажет болғанын айта аламын.
– Шағын және қуатты атом станцияларының қауіпсіздік жағынан айырмашылықтары бар ма? Болса, қандай?
– Қауіпсіздік жағынан олардың мүлдем айырмашылығы жоқ. Құдай сақтасын, егер бірдеңе болса, оның деңгейі де басқаша болады. Иә, әрине, станциядан бөлінетін заттардың деңгейі мен ауқымы бөлек. Дегенмен, бірнеше килограмм мен тоннаның айырмашылығы да зор. Бірақ, адам ағзасы үшін оның әсері кемде-кем. Себебі сәулелену килограммнан болды ма, тоннадан келді ме, радиацияның аты радиация емес пе? Тек адам үшін емес, барлық тірі ағзаға оның әсері болары анық. Сондықтан мұнда да қауіпсіздік бойынша қолданылатын шаралар үлкен станциялардағыдай қатаң болады. Сондықтан...
– Дәл қазір әлем бойынша белсенді жұмыс істеп тұрған шағын реакторлы станцияларды атай аласыз ба?
– Форум аясында шағын шағын модельді реакторлы станциялар Ресейде, Якутияда жұмыс істеп тұрғаны айтылды. Шағын модульді станцияларға барлық атомдық мұзжарғыштар жатады. Олардың барлығы «Ритм-200» (ресейлік су ядролық реакторы – авт.) реакторлары сияқты жұмыс істейді. Америкалық әріптесім Америкада қазірдің өзінде шағын реакторлар орнатыла бастағанын айтты. Сондай-ақ Ұлыбританияда да шағын модульдер орнатылған. Украиналық жобалар туралы да айтылды. Бірақ ол тыңайтқыш үшін қолданылатын азот жобасы. Бірақ, олар әлі көп тұтынушыларды қамтуға арналмаған. Иә, шағын модульдік реакторлардың технологиясы әлі онша дамымаған. Олар енді салынатындықтан, баға бойынша да бәсекеге қабілетті емес.
– Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Өзбекстан президентінің баяндамасын оқып берді. Онда ел президенті Өзбекстан алғашқылардың бірі болып шағын реакторлы станцияның құрылысын бастағанын айтты. Осы жайлы не айта аласыз?
– Әрине, бұрынғы Кеңес Одағындағы алғашқылардың бірі. Украина да осы қатарда бар екені айтылды. Ресейде де олар салынып жатыр. Бірақ, қазіргі заманға сайы, жаңасы, әрине, Өзбекстанда болады. Ал, біз үшін ол несімен жақсы? Өзбекстан қандай да бір сынақ алаңына айналады. Олар, былайша айтқанда, осы технологияның барлық нюанстарын бастарынан өткереді. Ал біз параллель түрде үлкен станция саламыз. Олардың қалай жұмыс істейтінін көріп, үлгі ала аламыз. Біз қуаты 1200 МВт салғаннан кейін 300-200 мегаватты өзімізге де қоя аламыз. Өзбекстанға қарағанда бізде жергілікті аумақтар көп. Айталық, Ақтауды тұзсыздандыру қажет. Қала жыл сайын өсіп келеді. Суды тұтыну артып жатыр. Электр қуаты көбірек қажет. Бұл үшін көбірек электр энергиясы қажет.
– Өзбекстан ұлттық атом агенттігін құрып, атом энергетикасы жайлы заң қабылдаған. Бұл тұрғыда Қазақстан жайлы не айта аламыз?
– Бізде институционалдық заңдардың бәрі қабылданды. Неліктен? Себебі біз атом энергетикасынан бөлек ел емеспіз. Бізде атом полигоны болды, бірақ біз оны жауып тастадық. Бізде бұл салаға қажетті барлық заң бар. Бізде Атом агенттігі жоқ, бірақ ол біздің жағдайымызда қажет болмауы да мүмкін. Бізде энергетика министрлігі бар, атом өнеркәсібі комитеті бар. Ал жаңа компания атом агенттігін талап етпеуі де мүмкін.
– Әлемдік сарапшылардың пікір алмасуы қандай да бір әсер ете ме?
– Бұл жерге жиналған Ислам ынтымақтастығы ұйымының елдері атом энергетикасын бейбіт пайдалану мәселесін талқылап жатыр. Бұған дейін Ислам ынтымақтастығы елдері атом энергетикасын, яғни бейбіт атоммен айналыса бастаған. Алайда бүкіл «өркениетті» әлем оларға сенбеді. Ал бүгінде бүкіл әлем ислам әлемі «өркениетті» елдерге сияқты электр энергиясы қажет, дұрыс па? Бүгінгі таңда Пәкістан, Біріккен Араб әмірліктері, Мысыр, Түркия, енді міне Өзбекстан, Қазақстан сияқты елдер атом электр станциясын салады.
Кейбір елдер салып жатыр, кейбірі соның алдында тұр. Көміртегі бейтараптығын ислам елдері ойлап тапқан жоқ, оны батыс әлемінің елдері ойлап тапты. Сондықтан біз осы көміртегі бейтараптығына ұмтыламыз. Ал бүгінде энергияның екі түрі ғана бар. Бұл атом және жаңартылатын энергия. Жаңартылатын энергия көздерін біз де дамытып жатырмыз, атомды енді ғана бастадық. Сондықтан ислам әлемі де, басқа батыс әлемі де атом энергетикасы болмаса, көміртегі бейтараптығына қол жеткізе алмайтынын және атом электр станцияларын көбірек салу керек екенін түсінді.
– Жақып Ғалиұлы, сұхбатыңызға рақмет!