«Ұстаз – қоғамдағы ең сыйлы адам»: Жыл мұғалімі атанған жас ұстазбен сұхбат

Автор: Azattyq Rýhy

Ұстаздықпен қатар қала тіршілігінің саяси өміріне белсенді азамат өз пікірін білдірді

5 қазан – ұстаздар мерекесі. Еліміздің білім саласын дамытуға үлес қосып келе жатқан жас маманның бірі – №63 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі, Астана қаласы жастар мәслихатының депутаты Әкежан Сүгірбаев. Ұстаз алдымен өзінің оқушыларының жетістіктері туралы айтып берді,  деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Оқушыларымның жетістіктерін ауыз толтырып айта аламын. Атап айтар болсам, оқушым Бердібек Әмира 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінен алғыс хат алды. 2019 жылы жас мұғалім ретінде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың алғысхатына ие болдым және де «AMANAT» партиясының белсенді мүшесі ретінде елімізде болып өткен сайлауларда белсенді болып, қызмет етіп, партия төрағасы Ерлан Қошановтың алғыс хатын алдым», - дейді мұғалім.

Әкежан Қайратұлы 2021 жылы Астана қалалық Жастар мәслихатына депутат болып сайланған. Еліміздің саяси өміріне белсенді араласады.

«Қазірде елімізде ұстаз мәртебесі жоғары дәрежеде деп ойлаймын. Себебі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Bіlіm jáne Ǵylym!» атты тамыз конференциясының пленарлық отырысында болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет екенін ерекше атап өтті. Елімізде жасалған білім реформаларының арқасында жалақымыз едәуір артты, меніңше, ұстаздың мәртебесін мемлекет барлық жағынан қолдап жатыр. Мемлекет басшысы ұстаздың қоғамдағы айрықша рөлін атап өте келе, ұстаздың мәртебесін көтеру жұмсалған реформалардың тиімді болғанына барша ұстаздар байқады деп ойлаймын. Ұстаз – қоғамдағы ең сыйлы адам, себебі оның еңбегі ұшан-теңіз, әрі кемел келешекті қамтамасыз ететін азаматтарды тәрбиелейтін аяулы жан», - дейді Әкежан Қайратұлы.

Айта кетерлігі, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» 2023-2027 жылдарға білім беру саласында (биыл 1 қыркүйектегі жағдай бойынша) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік ұйымдары басшыларының жалақысын кезең-кезеңімен 100% - ға арттыруды (2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап) көздейді.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі тапсырмасына сәйкес, Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде 2023 жылғы қыркүйектен бастап мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілерінің жалақысын 30%-ға ұлғайту көзделген.

Қазіргі уақытта білім алушыларда құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» тәрбие тұжырымдамасы әзірленуде. Тұжырымдама білім беру ұйымдарындағы тәрбие қызметінің мынадай бағыттарын айқындайды: салауатты өмір салтын тәрбиелеу, зияткерлік тәрбие, антибуллинг мәдениетін тәрбиелеу, ұлттық, экологиялық, азаматтық сананы тәрбиелеу және мансап таңдау саласындағы тәрбие.

Бұдан басқа, алдағы бес жылда білім беру ұйымдарының 58 мыңнан астам педагогы зорлық-зомбылықтың, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы қорқытудың (қорқытудың) және суицидтің алдын алу бойынша оқытудан өтеді (педагог-психологтар, директорлар, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагогтар, ұйымдастырушы педагогтар). Қазіргі уақытта 5,2 мыңнан астам педагог оқытылды.

Авторы: Сымбат ҒАЛЫМЖАН