«Туристік қамқор» басшысы Асылхан Есіловпен сұхбат
Коронавирус індетінің таралу қарқыны жоғарылағанына қарамастан, 4,5 мыңнан астам отандасымыз шет ел асып кеткен. Бүгінде олардың 235-і демалысын орта жолдан үзіп, Гоа аралдарынан елге арнайы рейспен оралды. Бірақ әлі 13 мемлекетте, атап айтқанда Мысыр, БАӘ, Гоа, Мальдив аралдары мен Таиландта жүрген 4 мыңнан астам жерлесіміз бар. Оларды Қазақстанға қайтарумен айналысатын «Туристік қамқор» қоры Мәдениет және спорт министрлігі туризм комитетімен бірлесіп елге оралуын қамтамасыз етіп отыр. Алайда, «Туристік қамқор» басшысы Асылхан Есілов мұндай жағдайда туркоды жоқ саяхатшыларға көмектесе алмайтынын айтты. Толығырақ Azat Suhbat айдарында.