$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.10.2021, 13:02
Сұхбат

Қазақстандықтардың тек 10% ғана жеке өмірін сақтандырған – «Халық Life» АҚ басқарма төрайымы

Қазақстан халқы өз өмірін сақтандырғысы келмейді

Қазақстандықтардың тек 10% ғана жеке өмірін сақтандырған – «Халық Life» АҚ басқарма төрайымы

Қазақстан халқының тек 10 пайызға жуығы ғана өмірін қауіптен, кез келген келеңсіз жағдайдан сақтандырған. Сондықтан, оқыс оқиға салдарынан түрлі дене жарақатын алғанда мұндай адамдардың еміне кеткен шығын толықтай дерлік сақтандыру компаниясы тарапынан төленеді. Ал, қалған 90%-ның мемлекетке немесе тек өзінің жеке бюджетіне сенім артуына тура келеді.

Өмірді сақтандыру – еуропалық және американдық кез келген отбасы шығындарының міндетті бөлігі болып саналады. Қазақстанда бұл «мәдениет» қалыптаспаған. Біздің елдің қарапайым тұрғындары күнделікті тірлікті жеке өмірінен жоғары қойса, ауқаттылар ғана өз өмірін сақтандырады. Жалпы қарапайым халық өмірді сақтандыру туралы, оның тиімділігі туралы біле бермейді деуге болады. Содан да болар, соңғы жылдары елімізде сақтандыру компаниялары тарапынан түсіндіру жұмыстары жанданған. «Халық Life» АҚ басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова болса Azattyq Ruhy тілшісіне өмірді сақтандырудың қыр-сырын айтып берді.

Жанар Әділбекқызы, өмірді сақтандыру маңызды. Бірақ қазақстандықтар бұл мәселеге неге қырын қарайды?

1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда банктен заем алғандарды қоса есептегенде шамамен 2 млн адам сақтандырылған. Ол соның ішінде сақтандырудың жинақтаушы түрлері бойынша Қазақстанда 80-100 мыңға жуық қазақстандық сақтандырылған. Бір сөзбен айтар болсақ, бүкіл халықтың бар болғаны 9-10 пайызы сақтандырылған.

Өйткені, біздің елде адамның өмірін сақтандыру міндетті қызметке жатпайды, ерікті түрде орындалады. Шетелде адамның өмірін сақтандыру міндетті, әрі ол заң жүзінде орындалады. Ал бізде ол ерікті, яғни кез келген адам өз өмірін өзінің қалауынша сақтандырады.

Біздің компанияның нарықтағы қызметіне 17 жыл болды. Бірақ, соған қарамастан қазірдің өзінде біздің елде өмірді ерікті сақтандыру саласы әлі де даму үстінде. Бүкіл әлемді жаулаған коронавирустық инфекция қазақстандықтарға өз өмірін, денсаулығын ойлауға мәжбүрледі десек артық болмас.

Еуропалық Одақ дерегі бойынша, 2017 жылы өмірді сақтандыру компанияларының жалпы айналымы 5,16 триллион АҚШ долларын құраған. Ал, біздің елде өмірді сақтандырумен айналысатын қанша компания бар және олардың қаржы айналымы қанша?

Бүгінде елде өмірді сақтандыру саласында 9 компания өз қызметін ұсынады. 2021 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша «Халық-Life» АҚ сақтандыру сыйақысының көлемі 82,6 млрд теңгені құраса, Компанияның нарықтағы үлесі 34% мөлшерінде. Біздің компания өмірді сақтандыру нарығында көшбасшы.

Жалпы, Қазақстанның сақтандыру нарығы 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 53%-ға немесе $1 млрд-қа дейін өсті. Соның ішінде өмірді сақтандыру нарығы өткен жылмен салыстырғанда 130 пайызға дейінгі өсімді көрсетті.

Дамыған елдерде сақтандыру – экономиканың стратегиялық секторы болып табылады. Қорлардың көлемі мен қаражат орналастырылатын мерзімдер сақтандыру компанияларын қуатты қаржылық несие беретін институттарға айналдырады. Өз іс-әрекеті арқылы олар үлкен қаржылық күшті өз қолына шоғырландырады. Сондықтан, елде сақтандыру саласын дамыту қажет екені және оның болашағы зор екені анық.

Өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламасының мәні неде?

Өмірді сақтандырудың негізгі әлеуметтік функциясы – клиент пен оның жақындарын Шарттың бүкіл мерзімінде күтпеген жағдайлардың салдарынан материалдық қорғау болып табылады. Мысалы, жазатайым оқиға немесе ауру-сырқау адамның жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін. Бұл отбасы бюджетіне үлкен соққы болады. Төтенше жағдайларда, асыраушы қайтыс болған кезде, отбасы өте қиын қаржылық жағдайда болуы мүмкін. Сақтандыру полисінің міндеті – қолайсыз оқиғалар кезінде отбасына төлем жасау, егер табыс тоқтатылған жағдайда оны ақшамен қамтамасыз ету.

Біздің елде адам өмірін, баласын, отбасын сақтандыру деген түсініктің болмауы немен байланысты? Төмен тұрмыстық деңгей ме, адамдардың өз өміріне деген салғырттығы ма, әлде өмірді сақтандыру туралы мүлдем түсініктің болмауы ма?

Жеке сақтандыру – бір жағынан, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға, екінші жағынан, ірі инвестициялық ресурстарды құруға, экономиканың әртүрлі салаларында маңызды мемлекеттік және коммерциялық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беретін қаржы нарығын қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі. Сақтандыру мәдениетінің болмауы, әлеуетті сақтанушылардың психологиясы, сондай-ақ тұрғындардың табыс деңгейіне байланысты айырмашылықтың алшақ болуы қаражатын сақтандыру қорларына жұмсауға мүмкіндік бермейді.

Өмірді сақтандыру бірінші қажеттіліктегі өнім емес және халық сақтандыру қызметін қалдықты принцип бойынша ғана пайдаланады. Қазақстандықтар алдымен базалық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге шығындарды толтырады. Олар: тамақтану, киім-кешек, тұрғын үйді ұстау, автокөлік, медицина, білім беру және несиені төлейді, содан кейін ғана өмірді сақтандырумен байланысты шығындарға назар аударады.

Сонымен қатар, өмірді сақтандыру саласы мемлекет тарапынан міндетті қызметтің түріне жатпайды, егер де шет елдегідей міндеттелген болса, осы уақытқа дейін Қазақстан халқының жоқ дегенде 70-80 пайызы сақтандырылған еді.

Өмірді сақтандырудың басымдықтарына тоқталып кетсеңіз?

Басты артықшылығы, сақтандыру сомасы сақтандыру шарты аяқталған кезде төленеді немесе сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде сақтандыру шарттарында көзделген сақтандыру жағдайы басталған жағдайда төленеді. Сондықтан ұзақ мерзімді жинақтау полисі болашаққа инвестиция жасайды әрі сақтандыру қорғанысында болады. Өмірді сақтандыру жинақтарды ұзақ мерзімді сақтауға есептелген. Мысалы, депозитті ұзақ мерзімді қаржы құралы ретінде қарастыруға болмайды, ал сақтандыру шарты 2 жылдан 30 жылға дейінгі мерзімге жасалады. Осы кезеңде адам тұрақты жарналар жасау арқылы тәртіпке келеді. Ол сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда клиент сатып алу сомасын алады, ол әдетте сақтандырудың алғашқы жылдарында төленген сақтандыру жарналарының сомасынан аз болады. Жинақталған қаражат инфляцияның ықпалынан қорғалған. Сақтандыру шартының талаптарына байланысты кепілдендірілген табыстылықтың мөлшері түрленеді. Өмірді жинақтаушы сақтандыру полисі бойынша төленетін барлық сақтандыру жарналарының ерекше мәртебесі бар. Уәкілетті органдарда сақтандыру шарты иесінің міндеттемелері бойынша тыйым салуға немесе сот арқылы өндіріп алуға мүмкіндігі жоқ, сондай-ақ ерлі-зайыптылар ажырасқан кезде сақтандыру жарналары бөлінбейді.

Салық жеңілдігін алу мүмкіндігі де бар. Бұл шарттың мерзімі аяқталғанда сақтандыру төлемін алған кезде сақтандыру төлемінен табыс салығы ұсталмайды. Бұл шарт сақтанушы шартты өз пайдасына немесе жақын туыстарына, жұбайына жасасқан жағдайда қолданылады.

Бұдан басқа, полисті сатып алуға арналған шығындарға салық салынбайды. Сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасын кепілге қою арқылы қарыз ақша да ала алады. Егер клиент белгілі бір ақша сомасына мұқтаж болса, бірақ сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзғысы келмесе, ол сақтандыру компаниясынан полис бойынша одан қалыптастырылған сатып алу сомасын кепілге алуы мүмкін. Содан кейін ол осы соманы сақтандыру компаниясына өтейді. Ыңғайлылығы – ақшаның жинақталуы, оның сақталуы және инфляция, оқыс оқиғалардан қорғалуы қамтамасыз етіледі.

Клиентке жарнаны жүргізу бірден жасала ма, әлде оны бөліп төлеу мүмкіндігі бар ма?

Сақтандыру жарналарын төлеу сонымен қатар клиенттің таңдауы бойынша жүзеге асырылады: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет немесе біржолғы болуы мүмкін. Бұл ретте компанияда өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша ең төменгі ай сайынғы сақтандыру жарнасы бар болғаны 5 000 теңгені құрайды, әрі оны онлайн 5 минутта-ақ орындауға болады.

Дамыған елдерде тұрғындардың сақтандыру полисі болмаса, онда оны банкрот деп есептейді екен. Өмірді сақтандыру саласындағы қарап елдегі экономикалық жағдайға баға беруге бола ма? Бізде көбінесе қандай тұлғалар немесе қандай санаттағы адамдар өмірін сақтандырған?

Әрине, жоғарыда айтып кеткендей өмірді ерікті сақтандыру саласының дамуы көбінесе ел экономикасының жай-күйіне, оның даму деңгейіне, адамдардың әл-ауқаты мен сақтандыру мәдениетіне байланысты. Жоғарыда айтқанымдай, қазақстандықтар алдымен өзінің тұрмыстық қажеттілігін қамтамасыз ету шығынын толтырады.

Өмірді сақтандырудың ұзақ мерзімді жинақтаушы шарттарын көбінде табысы ортадан жоғары қазақстандықтар жасайды. Бүгінде біздің компаниямызда ең танымал бағадрламалардың бірі ол – «Халық-Қазына», қаражатты валютада жинақтаумен қатар, оған 3,52 пайызы мөлшерінде кепілдендірілген инвестициялық табысты ұсынады. Сонымен қатар, күніне 200 теңгелік жарнаны жасауға мүмкіндік беретін «Life - Персона» полисі бар, әрі осы полис бойынша шарт аяқталған соң жинақталған сома клиентке қайтарылады. Біздің өнімдердің түрлері әр түрлі санаттағы адамдарға арналған. Әрі біз барлық өнімді барынша онлайн сатып алуға мүмкіндік жасап келеміз. Айта кетерлік тағы бір жайт, Халық-Life барлық компанияның ішінен алғашқы болып өз клиентіне мобильді қосымшаны ұсынды.

Өмірді сақтандырудың ақысына, бағасына тоқталыңызшы...

Өмірді сақтандыру саласында шарт жеке жасалады, әрі олардың сақтандыру сомасы да әртүрлі болады. Жарналардың ең төменгі сомасы жылына 60 мың теңгені құрайды, ал максималды сомасы шексіз.

Адам өліп кеткенде полисі қалай төленеді және оның ақшасын кім ала алады?

Жағымсыз жағдайлар, оның ішінде қайтыс болу жағдайы орын алғанда, бүкіл кезеңде сізбен салынған ақшаларды және пайыздарды сіз өзіңіз тағайындаған мұрагерлеріңіз арасында алдын ала бөліп бере аласыз. Бұл ретте сақтандыру төлемі шартта көрсетілген тұлғаға бірден жүзеге асырылады. Мұрагерлік құқығын ресімдеу талап етілмейді.

Сақтандыруға салынған, төленген ақшаға компания депозиттегідей қосымша сыйақы бере ме?

Өмірді жинақтаушы сақтандырудың артықшылықтары – бұл университетте баланың оқуына немесе оның кәмелетке толғанға дейін, жылжымайтын мүлікті және т.б. сатып алу үшін қажетті соманы жинақтау мүмкіндігі. Сонымен қатар, бұл күтпеген жағдайлардан қаржы арқылы қорғау және компанияның пайдасына қатысу мүмкіндігі, сонымен қатар қолданыстағы сақтандыру шартын кепілге қойып, заем алу мүмкіндігі. Ұзақ мерзімді жинақтаушы бағдарламалардың артықшылықтары ішінен компанияда жинақталатын соманы «Халык-Life» ӨСК» АҚ пайдасының бір бөлігін клиенттің шотына бөліп аудару есебінен ұлғайту мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, сақтандырудың үшінші жылынан бастап заем алуға мүмкіндік бар. Мүгедектік басталған кезде төленген жарналар мен сақтандыру сомасының төленуі жүзеге асырылады. Компанияда «Қазақстан Халық банкі» АҚ төлемдік жүйелері арқылы сақтандыру жарналарын төлеу мүмкіндігін көрсетеді. Клиент қайтыс болған жағдайда бір жолғы материалдық көмектің төленуі қарастырылады. Осы сақтандыру компаниясының «Халық-Қазына» жинақтаушы өнімі бойынша мөлшерлеме сақтандырудың мерзіміне байланысты АҚШ долларымен 3,52%-ға дейін құрайды. Ол шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне тұрақты болып табылады. Оның мерзімі жоғары болған сайын, табыстылық та жоғарылай түседі. Сақтандыру мерзімі 2 жылдан бастап 15 жылға дейін.

Компания жайлы:

«Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық Банкінің еншілес компаниясы» АҚ 2005 жылы құрылған. Компанияның меншікті капиталы 43 млрд теңгені құрайды. Компанияның қаржылық тұрақтылық рейтингісі «B+» деңгейінде және кредиттік рейтингісі «bbb-» деңгейінде, өмірді сақтандыру бойынша барлық қазақстандық компаниялар арасында, АМ Best халықаралық рейтингтік агенттігінен ең жоғары болып табылады. «Халық-Life» АҚ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қатысушысы болып табылады. Оның жалғыз акционері Қазақстанның ең ірі банкі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.

Серіктес жаңалықтары