«Образыма қарсы адамдар да көп»: Мөлдір Анарбаевамен ашық сұхбат

Автор: Azattyq Rýhy

Танымал блогер Тараз қаласында тұрады

Танымал блогер, журналист Мөлдір Анарбаева жарнамадан түстетін табысы жайлы айтып, көпбалалы әйелдердің кейбір әрекетіне налитынын сөз етті. Түрлі видеоларымен жұртқа көңіл күй сыйлап жүрген блогер өзінің образы жайлы, қазақ әйелдері жайлы айтып берді.

Бұдан бөлек, танымал блогер білім саласындағы реформаның кейбір тұсын сынға алып, әлеуметтік желіде дәл осындай бағыттағы тақырыптардың қаралымы көп болатынын айтты.

Мөлдір Анарбаева Тараз қаласында тұрады. Негізгі мамандығы – журналист, ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған.