«Мылтықпен атпақ болды». Қазақстандағы ең жас басқарма басшысымен сұхбат

Автор: Azattyq Rýhy

Әбілхайыр Тамабек небәрі 26 жасында Жамбыл облысында басқарма басшысы болды

Өткен жылы президенттік кадрлық резервке енген Әбілхайыр Тамабек 2020 жылдың 30 қаңтарында Жамбыл облысы әкімдігінің Жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспектор болып тағайындалды. Осылайша, 26 жасында жаңа қызметке барған шенеунік Қазақстандағы ең жас басқарма басшысы атанды.

Әбілхайыр Ғалымұлы 1994 жылы туған, білімі жоғары. 2015 жылы Жоғары бизнес мектебін – Ұлттық Луис университетін (WSB-NLU, Польша), 2019 жылы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірген.

Әбілхайыр Тамабек Azattyq Rýhy тілшісіне сұхбат беріп, игерілмей жатқан жерлерді қайтару, күрескерлік пен әділет және басқа да мәселелерге қатысты пікірін білдірді.