Расул Жұмалы: «Қазақстанға Қытайдан да қауіпті елдер бар»

Автор: Azattyq Rýhy

«Азаттық рухы» тілшісі белгілі саясаттанушы Расул Жұмалының Қазақстанға ықпалы басым елдер туралы пікірін білді

Расул Жұмалы

Соңғы уақытта Қазақстанда жиілеп кеткен толқулар, әсіресе қарсылық кезінде белгілі бір елдердің аты аталып, заты түстелуі «сыртқы күштер» деген түсініктің пайда болуына әкелді. Сарапшылар пікірі әрқилы. Саясаттанушы Досым Сәтпаев ВВС арнасына берген сұхбатында Қытайға қарсылық білдірудің артында ешқандай бөтен елдердің жоқтығын, бұл халықтың үкіметке деген сенім лимитінің таусылғанын айтады. Ал Ерлан Карин Шыңжаңдағы мұсылмандар лагеріне қатысты мәселені қайта-қайта қаузау, оны шетелдік басылымдардың жарыса жазуы жанашырлық пиғылдан туындамағанын  алға тартады. Қазақтанға қандай елдердің ықпалы басым? Олардың көздегені не? Осы тақырыпта «Азаттық рухы» тілшісі белгілі саясаттанушы Расул Жұмалының пікірін біліп көрді.