Қордай ауданының қазіргі жайы: 8 ай ішінде нендей өзгеріс болды?

Автор: Azattyq Rýhy

Қордай ауданының әкімі Рүстем Рысбайұлымен ашық сұхбат

8 ақпанда Қордай ауданының үш ауылында екі мыңнан астам адам қатысқан жаппай тәртіпсіздік болды. Қақтығыс кезінде 11 адам қаза тапты. 30 мамырда Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров Қордайдағы қақтығыс бойынша 59 адамның қылмыстық жауапқа тартылатынын айтты.

Сол оқиғадан бері сегіз ай өтті. Осы аралықта Масаншы, Сортөбе, Ауқатты және Қаракемер ауылдарындағы ахуал өзгерді ме? Бұрынғы басшылардың жіберген кемшілігін жаңадан келген жауаптылар қалай түзетіп жатыр? Келеңсіздіктен кейін өңірге Мемлекет басшысы, Үкімет басшысы барып, арнайы тапсырмалар берді. Ауылдарда ұзақ жыл қордаланған әлеуметтік мәселелерді шешуге 31 миллиард теңге бөлінді. Қомақты қаржы қалай игеріліп жатыр? Ондаған жыл қараусыз қалған ауылдардың қазіргі келбеті қандай? Масаншыда қираған үйлер толық қалпына келтірілді ме? Azattyq Rýhy тілшісі осы және басқа да жағдайларды Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулеттің өз аузынан естіп қайтты.

Жақында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысына Қордай ауданындағы қазіргі ахуалды баяндады.