Ол бұл ақшаны шетелге алып кетпек болған
Астана әуежайы арқылы шетелге 200 000 еуро шығармақ болған шетелдік азамат сотталып кетті. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, бұл істі Астананың Қылмыстық істер жөніндегі аудан аралық соты қараған.
«Астанада шетелдік азамат Қазақстаннан 200 000 еуроны шығарғысы келген. Астананың Қылмыстық істер жөніндегі аудан аралық сотының шешімімен тәркіленген валюта мемлекет кірісіне кетті», - деп хабарлайды Астана прокуратурасы.
Жалпы, қолданыстағы заң бойынша 10 000 АҚШ долларына тең қолма-қол ақшаны ғана алып өтуге болады.
«Валюта заңнамасын бұзғаны үшін жыл басынан бері 129 адам жауапқа тартылып, 88 млн теңгеден астам айыппұл салынды», - деп хабарлайды прокуратура.