Ол қылмыстық топтың мүшесі ретінде сотталған еді
Бүгін Ақтөбеде заңсыз жолмен казино ұйымдастырып, екі жыл ішінде 1 млрд теңге тапты деп сотталып кеткен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты іс апелляциялық тәртіпте қаралып жатыр. Олардың арасында кассир болып жұмыс істеген жеті әйел де бар, деп жазады Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, бұл сот Ақтөбеде резонанс тудырған еді. Тоғыз адам ұйымдасқан қылмыстық топ ұйымдастырып, екі жыл заңсыз казино ұйымдастырған. Қаржы мониторинг агенттігінің тергеуі олар 2022-2024 жылдар аралығында 1 млрд теңге тапты деген қорытындыға келген.
Іс бойынша айыпталған тоғыз адамның ішінде жеті кассир әйел бар. Аtyrautoday ақпарат агенттігінің видеосында көрініп тұрғандай, ол әйелдердің біреуі жүкті. Жеті әйел әуел баста бұл істің куәгері болған. Кейін олар да қылмыстық топтың мүшесің ретінде күдікке ілінген.
Тергеу ақша осы кассирлер арқылы дропперлердің жеке шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналған дейді.