Астана-Павлодар тас жолында автокөлік түгі қалмай өртеніп кетті – зардап шеккендер бар

Автор: Алмас Ерсін

Жүргізуші мен жолаушыға алғашқы көмек көрсетілді

Фото: Павлодар облысының ТЖД

Астана-Павлодар тас жолында жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt маркалы жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше оқиға18 қарашада Пограничник  ауылының маңында болған.

«Көлік бірнеше минут ішінде отқа оранды. 101 операторының пультіне сағат 12:09-да хабарлама түсіп, Ақсу қаласы ТЖБ 10-ӨСБ өрт сөндірушілері дереу шақырту орнына жіберілді. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер отты жедел сөндіріп, оның одан әрі таралуына және жарылуына жол бермеді», - деп жазылған хабарламада.

Қалқаман кентінің трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы зардап шеккен 1981 жылы туған жүргізуші мен 1994 жылғы туған жолаушыға алғашқы көмек көрсетіп, Павлодар ауруханасына жеткізілді.

Павлодар облысының ТЖД азаматтарға жол қозғалысы ережесі мен өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.