Әйел қазір ауруханада
Атырауда 73 жастағы зейнеткер отбасылық жанжал кезінде 59 жастағы әйелді пышақтап алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Оның үстінен адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Полицияның мәліметінше, күдікті мен жараланған әйелдің арасында жанжан туындаған. 73 жастағы ер адам 59-дағы әйелді пышақтаған. Әйел ауыр жарақатпен ауруханаға түсті», - деп жазған жергілікті БАҚ.
Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалғаны белгілі болды. Қазір тергеу жүріп жатыр.