Шұғыл: Жетісайда жер үй өртеніп, он екі адам, соның ішінде тоғыз бала тірідей жанып кетті

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы редакцияға ТЖМ баспасөз қызметі жазды

Фото: ТЖМ

Түркістан облысы Жетісай ауданында жер үй өртеніп, көп адам қаза апқан. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды», - деп хабарлайды Руслан Желдібай.

Біздің редакцияға ақпаратты растаған ТЖМ баспасөз қызметі өрттен 12 адам, соның ішінде 9 бала қаза тапқанын хабарлады. 

Тегтер: