Астана әуежайының күту залында мұрын сіңбірген шетелдік азаматқа айыппұл салынды

Автор: Бақыт Шынар

Жалпы, жыл басынан бері 80 мың адам көлік заңнамасын бұзған

Фото: Көліктегі полиция департаменті

Көліктегі полиция департаменті Астана қаласының халықаралық әуежайының күту залында айналысын сыйламай, мұрын сіңбірген, сол арқылы қоғамдық орынды ластаған Қытай азаматына айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мекемінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, ереже бұзған Қытай Халық Республикасының 47 жастағы азамат.

«Екінші қабатты патрульдеп жүрген полиция ішкі әуе рейстеріне арналған күту залында Қытай Халық Республикасының 47 жастағы азаматын анықтады. Ол қоғамдық мінез-құлық нормаларын бұзып, белгіленбеген жерде мұрнын сіңбіріп, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық орынды ластаған», - деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жалпы, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаменті әртүрлі әкімшілік құқық бұзуға барған 80 886 адамды жауапкершілікке тартқан. Олардың 7 049 – қоғамдық орындарды ластаған.