Семейде әйел жүргізуші жол апатын жасады: бір көлік аударылып қалды

Автор: Алмас Ерсін

Зардап шеккендер жоқ

Фото: Абай облысының полиция департаменті

Семейдегі Нұршайықов және Уәлиханов көшелерінің қиылысында екі көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның мән-жайы

Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Алдын ала мәлімет бойынша Toyota көлігінің 43 жастағы жүргізушісі басты жолмен – Уәлиханов көшесімен келе жатқан. Сол кезде Нұршайықов көшесімен келе жатқан Chery көлігінің 23 жастағы жүргізушісі жол бермей, екі көлік соқтығысқан.

«Салдарынан Chery аударылып қалды. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Тергеу жүргізіліп жатыр

Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, апаттың мән-жайы анықталады.