Қарағандыда екі көлік соққан ер адам оқиға орнында қаза тапты

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Қарағанды қаласында Ермеков көшесінде жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргінші екі көліктің соқтығысуынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиғаның мән-жайы

Полицияның мәліметінше, 46 жастағы ер адам жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен.

Алдымен оны Skoda маркалы көлікті тізгіндеген 37 жастағы жүргізуші қағып кеткен. Соққы салдарынан жаяу жүргінші қарсы бағыттағы жолаққа құлаған.

Сол сәтте оны қарсы бағытпен келе жатқан ВАЗ автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі тағы да соғып өткен.

Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Тергеу жүріп жатыр

Қазір тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда.

Полиция өкілдері жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де жол ережесін қатаң сақтаудың маңызын ескертеді. Әсіресе қараңғыда және қалың қар, боран кезінде белгіленбеген жерден өтудің қауіпті екенін естен шығармаған жөн.