Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирде жеңіске жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Отандасымыз әлемнің 174-ракеткасы Алехандро Табиломен кездесті

Фото: ашық дерек көздерінен

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тағы көрме турнир аясындағы кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

ATP рейтингісінде 176-орында тұрған отандасымыз әлемнің 174-ракеткасы Алехандро Табиломен кездесті.

1 сағат 17 минутқа созылған кездесу 3:6, 10:7 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.

Осылайша, Дмитрий Попко аталған турнирде қатарынан үшінші рет жеңіске жетті.