Екі бала велосипед мініп жүрген
Көкшетау қаласындағы Қопа көлінің мұзы әлі қатпаған. Осы қауіпті көлде төрт жасөспірім велосипед теуіп, ойнап жүрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балаларды көре сала оларды құтқарып қалған.
«Әлі қатпаған мұздың үстінде жастары 10-15 аралығындағы төрт бала ойын қуып, велосипед теуіп жүрген. Құтқарушылар оларды станцияға жеткізіп, мұздың қауіпті екенін түсіндірді», - деп хабарлайды ТЖД.
Айта кетсек, дәл осындай жағдайда Шортанды ауданында 70 жастағы балықшы қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан көз жұмған болатын.