Бас прокуратура мен ҰҚК Маңғыстауда декреттегі әкені қолға түсірді

Автор: Бақыт Шынар

Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінген

Фото: gov.kz

Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысындағы департаментімен бірлесе отырып көлік прокуратурасының қызметкерін қолға түсірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, күдікті ер адам 9 қараша күні ұсталған. Басты айып – алаяқтық.

«2025 жылғы 9 қарашада Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкері алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды. Аталған қызметкер 2024 жылдан бері бала күтіміне байланысты еңбек демалыста болуына орай нақты қызметтік міндеттерін атқармаған», - деп хабарлайды прокуратура.

Қазір тергеу жүріп жатыр.