Сот оларға 3 жыл шартты жаза кесті
Алматы облысының үш азаматы Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты заңсыз аулағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy прокуратураға сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, Алматы облысы Балқаш ауданының үш тұрғыны қазан айында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты заңсыз аулаған.
«Сот олардың әрқайсысын 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Мемлекет пайдасына 7 миллион теңге өндірілді», - деп хабарлайды прокуратура.
Жалпы, жыл басынан бері Алматы облысының соттары заңсыз аңшылық фактілері бойынша 5 қылмыстық істі қарап, 10 адамды әртүрлі мерзімге соттаған.