Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды. Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барасында, 2018 жылдың қаңтар айынан 2020 жылдың мамыр айына дейін Жезқазған және Сатпаев қалаларында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен айналасқан 4 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті», - делінген хабарламада.
Заңсыз айналымнан әртүрлі ойын жабдықтарының 160-тан аса бірлік жиынтығы тәркіленіп, қылмыстық әрекеттен түскен табыс 16 млн теңгеден астам соманы құраған.
Анықталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.