Атыс Түлкібас ауданында болған
Түркістан облысында екі жігіт бір топ адамға оқ атқан: оқиға орнында 17 жастағы жігіт жан тапсырса, тағы үшеуі жараланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атыс туралы ақпаратты Түркістан облысының полиция департаменті растады. Ақпаратқа сүйенсек, атыс Түркістан облысы Түлкібас ауданында болған.
«2-қараша түнгі уақытта Түлкібас ауданында атыс болды. Атыс салдарынан бір адам қаза тапты, үш адам ауруханаға түсті. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деп хабарлайды Түркістан облысының полиция департаменті.
«Адам өлтіру» бабына сай қылмыстық іс қозғалған. Бір күдікті ұсталып, бір күдікті қашып кеткен. Полиция оны іздеп жатыр.