Қазақстанда жеті қызды алып қашқан 15 адам ұсталды: ІІМ қорқынышты видеоларды көрсетті

Автор: Бақыт Шынар

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда қыз алып қашудың жазасы күшейген еді

Фото: скриншот

Биыл 16 қыркүйектен бастап қыз алып қашқан адамдардың жазасы күшейген еді. Осы уақыттан бері Қазақстанда қыз алып қашуға қатысты 7 қылмыстық іс қозғалып, 15 адам ұсталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер министрлігі бұл қылмыстар қай өңірлерде тіркелгенін хабарлаған.

«Жаңа өзгерістер күшіне енген сәттен бастап ішкі істер органдары Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары мен және Шымкент қаласында неке қиюға мәжбүрлеу дерегі бойынша жеті қылмыстық іс қозғады. 15 адам ұсталды», - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.

Полиция қазір бұл істер тергеліп жатқанын хабарлап отыр. Азаматтардың кінәсі дәлелденсе, олар әртүрлі жылға сотталады. Қыз алып қашу ауыр зардаптарға әкеп соқтырса, кінәлі адам 10 жылға дейін сотталады.