$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.06.2020, 15:20
Оқиғалар

Анталияға демалуға барған 6 қазақстандықтан коронавирус анықталды

Теңіз жағасына барған Қазақстан азаматтары түгелдей оқшауланған

Анталияға демалуға барған 6 қазақстандықтан коронавирус анықталды

Түркияда тұратын Қазақстан азаматының айтуынша, ауруханаға түскен азаматтардың ішінде алтауының жағдайы ауыр, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі.

«Мен Анталияда тұрамын, демалыс аймағында. Карантин талабын жергілікті халық қатаң сақтайды. Сәйкесінше, вирустың таралуы тоқтаған еді. Қазақстаннан демалуға келгендер ауруханаға түсті, 6 адамның жағдайы ауыр деп хабарлады. Олардан  коронавирус анықталып, бірден қалалық инфекциялық аруханаға жатқызылған. Жергілікті халыққа қазақстандық туристерден вирус  анықталғаны туралы ақпарат тарады. Неге олар карантин екенін біле тұра, ескертуді тыңдамаған, оларды қалайша тексермей ұшаққа отырғызған», - деді Анталияда тұртын Меруерт Райымбекова.

Анадолы еліне қоныс аударған жерлесіміздің сөзінше,  демалушылардың арасында  қазақстандықтар көп. Анталияның Кемер демалыс аймағы күшейтілген режимге қайта көшкен.

«Екі күн болды үйден шықпай жатқанымызға, жүруге тыйым салды. Курорт ашық. Қазақтар короновирус әкелді деп түріктер маған ренжіп, көз алартып қарайды. Менен "сен оларды танисың ба?" деп сұрады. Мен Қазақстан үлкен екенін, туристерді танымайтынымды айттым, қорқып үйде жатырмын. Ресми хабар таратқан соң жергілікті халықтың арасында шу болды», - деді М.Райымбекова.

Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы шетлге демалуға барғысы келетін жерлестерін қауіпсіздік және карантин шараларын барынша сақтауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары