$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.06.2020, 16:17
Оқиғалар

Велоспорттан 2020 жылғы әлем чемпионаты бұрынғы кестеге сай, қыркүйекте өтеді

Чемпионат ұйымдастырушылары әзірге доданы кейінге шегеру туралы жоспар жоқ екенін айтқан

Велоспорттан 2020 жылғы әлем чемпионаты бұрынғы кестеге сай, қыркүйекте өтеді
Фото: ашық дереккөзден

Велоспорттан 2020 жылғы әлем чемпионатын ұйымдастырушылар жарыс 20-27 қыркүйек күндері Швейцарияда өтетінін растады, деп жазады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты.

Әлемдік дода жоспарға сәйкес, Эгле-Мартиньи маршруты бойынша өтпек. Olympic.kz сайты хабарлағандай, дәл қазір жарысты ұйымдастыруда ешқандай кідіріс жоқ.

«Аймақтағы халықтың денсаулығын және Швейцарияның федералды кеңесі бекіткен шектеу шараларын зерттей келе, біз жарысқа дайындықты жалғастыратын болдық. Әрине, қазір әлемде болып жатқан оқиғаларға сақтықпен қарау керек, бірақ, әлем чемпионатын ұйымдастыруда біз өз істерімізге баға беріп, тиісті рәсімдерді қадағалаймыз», - деп мәлім еткен әлем чемпионатын ұйымдастыру комитетінің  президенттері Грегори Дево мен Александр Дебон.

Серіктес жаңалықтары