Қазақстанның кең даласында асыр салу деп жазды парақша
Instagram ресми парақшасы қазақстандық трэвел-блогер Дастан Мұхамедрахимның видеосын парақшасына жүктеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның әсем табиғатын түсіріп, халыққа танытып жүрген блогер жақсы жаңалықты естіп, қуанышын жасыра алмады. Айтуынша, видео 8 сағатта 30 млн қаралым жинаған.
Желі қолданушылары авторға қолдау білдіріп, пікір қалдырып жатыр.
Айта кетейік, Instagram ресми парақшасына 696 млн адам жазылған.