FlyArystan компаниясы мәлімдеме жасады
Астанадан Қостанайға бет алған FlyArystan ұшағы елорда әуежайына қайта оралуға мәжбүр болды. Компанияның мәліметіне сүйенсек, Қостанай әуежайында ұшу-қону жолағының қары тазаланбаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалпы, компанияның мәліметіне сүйенсек, бүгін Қостанайда ауа райы бұзылған.
«Қостанай-Астана» бағытындағы FS7342 рейсі бұның алдында Қостанайға ұшқан ұшақтың кеш оралуына себеп болған. Рейс жолаушыларына сусын мен тамақ берді. Ұшақ Астанадан 17:05-те, ал Қостанайдан 18:50-де кері ұшады», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Компания рейс кестесінде тағы да өзгеріс болса, алдын ала хабарлама жібереді.