Ең көбі – пара алғандар: ҰҚК қазан айында кімдерді қолға түсіргенін жариялады

Автор: Бақыт Шынар

Алдыңғы айда жалпы 83 қылмыс тіркелген екен

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазан айында әртүрлі баптар бойынша қылмыс жасады деген күдікпен 83 адамды ұстаған. Олардың арасында ең көбі – пара алғандар, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сүйенсек, комитет қызметкерлері 83 фактіні мына баптар бойынша тіркеген:

  • 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 12;
  • 190-бап (алаяқтық) – 16;
  • 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) – 1;
  • 206-бап (ақпаратты түрлендіру) – 1;
  • 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 2;
  • 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) – 3;
  • 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1;
  • 366-бап (пара алу) – 26;
  • 367-бап (пара беру) – 11;
  • 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 4;
  • 380-бап (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) – 1;
  • 394-бап (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) – 2;
  • 414-бап (көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау) – 1;
  • 433-бап (қылмыстық құқық бұзу фактісін жасыру) – 2.

Бұдан өзге, комитет 54 адамның ісін сотқа жіберген. Соның ішінде, «Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және ҚР-ның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзған бір адам, «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша 1 адам, «Алаяқтық» бабы бойынша 17 адам, «Пара алу» бабы бойынша 19 алам, «Пара беру» бабы бойынша 11 адам, «Парақорлыққа делдал болған» бес адамның ісі сотқа түскен.